Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда дәрігерлік амбулатория ұжымы учаскеге бірге барып дауыс берді

2021 жылдың 25 шілде 2021 18:30

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясының ұжымы дауыс беруге бірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі ауыл әкімдерінің сайлауында Ақшұқыр ауылының тұрғындары өз таңдауын жасады.

Таңғы 7:00-ден бастап сайлау учаскелеріне келгендер көп. Олардың қатарында ауызбіршілігі жарасқан, саяси науқаннан шет қалмаған Ақшұқыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері де бар.

Болашақ Ақшұқыр ауылы әкімін сайлауға барған амбулаторияның аға дәрігері Айгүл Көптілеуова сайлаудың мерекелік көңіл-күйде өтіп жатқанын айтты.

«Ең алдымен, учаскелерден дәрігер ретінде көргендерімді айтып өтсем. Учаскеде санитарлық талаптар мен карантин талаптары қатаң сақталған. Дауыс берушілердің арасында арақашықтық сақталған, комиссия мүшелері мен бақылаушылар және сенімді өкілдер бетпердемен жұмыс істеуде. Біз де ауыл тұрғындарымен бірге ұжым болып дауыс бердік. Ауылдастарымды сайлаудың өз деңгейінде өтуіне атсалысуға шақырамын»,- деді амбулаторияның аға дәрігері Айгүл Көптілеуова.











Жоғары қарай