Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда достарын құтқармақшы болып суға кеткен жігіттің денесі теңізден табылды

2020 жылдың 29 шілде 2020 02:14

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласынан 20 метр қашықтықта орналасқан «Шора» каналына 17 жастағы жігіт батып кетті. Ол суға батып бара жатқан достарын құтқармақшы болған,-деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, хабарлама кешкі сағат 19.35-те түскен.

«Үш жігіт каналда шомылып жүрген. Бірақ теңізден тек екеуі шықты. 2001 жылы туған жігіт суға батып кетті. Денесі бүгін таңертең жағадан 100 метр жерден табылды. Үшеуі де Мұнайлы ауданының тұрғыны», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаментінен.

Сол жерде болған Рахымжан Бектілеуов жігіттің суға батып бара жатқан достарын құтқару үшін каналға секіргенін көрген.

Оның айтуынша, теңізге түсіп жүрген екі жігіт батып бара жатады. Жағалауда отырған екі досы оларды құтқаруға секіреді. Жағадан барғандардың біреуі ғана кері шығады. Бір жігіт шықпай қалған.


Жоғары қарай