Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Маңғыстауда Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылдың 5 тамыз 2019 14:52

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ержан Күмісқалиев тағайындалды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ержан Көпжасарұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы заңгер.

Еңбек жолын 2007 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №3 орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі қызметінен бастады, кейін директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.

2008-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Жоғары қарай