Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Маңғыстауда кеме құрастырылады - әкімдік

2020 жылдың 27 мамыр 2020 02:20

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2023 жылға дейін инфрақұрылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бойынша паром салу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, Құрықта кеме жасау жобасы іске асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан үшін бірнеше көлік хабының қиылысында орналасқан Ақтау теңіз сауда портының стратегиялық маңызы жоғары. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылы порт 3,5 млн тоннадан астам жүк қабылдады, бұрынғы көрсеткіш 39 мың тонна болатын.

Иран - қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушыларының бірі. Қазіргі таңда тасымалданған мұнай мен мұнай өнімдерінің көрсеткіштері керісінше өсіп отыр.

Ақтау портында өңделген контейнерлердің көрсеткіштері 6 есе өскен. Бұған Ақтаудан Алятқа (Әзербайжанға) фидер тасымалын іске қосу себеп болды.

Ақтауда қазір жаңа жүк түрлері де қайта бағдарланған: полипропилен, калий тыңайтқыштары, техника, мыс, құрылыс материалдары. Сонымен қатар, клиенттерге кепілді көлемді тасымалдаған жағдайда жеңілдік беріледі.

Қытай-Еуропа бағытындағы тасымалдау көрсеткіштерінің өсуіне қазақстандық темір жол тарифтерінің ресейлік тарифтен 2-3 есе төмен болғаны ықпал етті. Бұдан басқа, жүктің 90%-ға жуығы өзіндік құнынан төмен бағада тасымалданады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша теңіз арқылы 5,8 млн тонна жүк тасымалданған. Оның ішінде Құрық порты арқылы – 1,3 млн тонна, Ақтау порты арқылы – 3,5 млн тонна, Ақтау солтүстік терминалы арқылы – 1 млн тонна. Сонымен қатар, теміржол көлігінің көмегімен 3,8 млн тонна жүк тасымалданды.

«Порттардың қуатын және жүк тасымалдау көлемін арттыру үшін сапалы жол-көлік жүйесін құру қажет. Сондықтан біз автомобиль жолдарын жөндеуге үлкен мән береміз» делінген хабарламада.

Алайда, әзірге елімізде жеке паромдар жоқ екені белгілі және әлі де бірқатар қиындықтар туып отыр. Сондықтан 2023 жылға қарай Ақтауда жаңа паром салу көзделіп отыр. Бұл жаңа бағдарлама аясында іске қосылады.

Егер паром құрылысы дер кезінде басталса, кеме құрастыру да қолға алынбақ. Инвесторлармен келісіп, жабдықтары алынады. Әзірше жоба толық талқыланып, қаралады.





Жоғары қарай