Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Маңғыстауда көлік аккумуляторын ұрлаумен айналысқандар ұсталды

2019 жылдың 15 шілде 2019 21:40 209

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Бірнеше рет көлікке заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жымқырған азамат ұсталып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған қатысты сот үкімі шықты. Сотта анықталғандай, Н. қасақана пайдақорлық ниетпен Жаңаөзен қаласы «Самал» шағынауданының №7 үйінің алдында тұрған жәбірленуші У.-ға тиесілі «Ваз 21114» маркалы автокөлігінің капотын ашып, ішінен бағасы 18 000 теңге тұратын аккумуляторын ағыытып алып, ізін жасырған.

Оның осыған дейін де бірнеше рет көлік құралдарын қолды қылғаны анықталды.

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Жоғары қарай