Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артты

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 14:37

МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда жаңа жылдан соң коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуевтың мәліметінше, жаңа жылдан бері қауіпті вирус жұқтырған 177 адам анықталған.

«Маңғыстау облысында 1 қаңтардан бастап осы уақытқа дейін 18 күн ішінде 177 жағдай тіркелді. Мұның барлығы жаңа жылда жасырын корпоротивтік шаралар, той-садақа өткізудің себебінен туындаған. Қазан, қараша айында инфекция жұқтырған 2-3 адам тіркелсе, соңғы 3 күнде аурудың тіркелуі 17,18-ге дейін көтеріліп жатыр. Облыс бойынша ең үлкен көрсеткіш Ақтау қаласы, екінші Түпқараған ауданы, үшінші Мұнайлы ауданы болып тұр»,-деді Ғазиз Надуев.


Жоғары қарай