Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 57 әйел ем қабылдап жатыр

2021 жылдың 21 шілде 2021 13:00

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Ақтау қаласындағы екі медициналық нысанда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Аманбек Жұмыровпен бірге коронавирус жұқтырған науқастарға емдеуге арналған модульдік стационарда және облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығына барды.




Маңғыстау облыстық ауруханасының жанындағы инфекциялық бөлімшесі 480 төсек орынға есептелген. Оның ішінде 40 төсек орын жаңсақтау бөліміне түсетін науқастарға арналған. Қазіргі уақытта мұнда 294 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 239 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар, 139 ер адам болса, 155 әйел адам. 266 науқастың жағдайы орташа дәрежеде ауыр деп бағаланса, 12 науқастың жағдайы ауыр, 16 науқас өте ауыр жағдайда. Бұдан бөлек 28 адам науқас жаңсақтау бөлімшесінде.




Ажар Ғиният барған тағы бір медициналық мекеме облыстық «Ана мен бала» орталығы болды. Аталмыш мекеменің директоры Жапырақ Епенованың айтуынша, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының шығарған бұйрығына сәйкес үстіміздегі жылдың 17 шілдесінен 50 инфекциялық және жасақтау төсек орындары даярланған. Қазіргі уақытта инфекциялық бөлімшеде 57 әйел жатыр, оның 8 жасақтау бөлімшесінде тыныс алу аппаратына қосылған. Сол 57 әйелдің 39 жүкті, қалған 18 босанғандар.


















Жоғары қарай