Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда Мұрын Жырауға арналған республикалық жыршылар байқауы басталды

2019 жылдың 26 қараша 2019 21:05

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 160 жылдығына арналған «Мұхиттан қалмыш теңіз-жыр» республикалық жыршылар байқауы басталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы Асан, Сыпыралар негізін салып кеткен мол дүниені сан жылдар жадында сақтап, ерекше шеберлікпен жүйелі орындап, бүгінгі ұрпаққа табыс еткен.

Жыршының құрметіне орай ұйымдастырылған байқаудың мақсаты - «Қырымның қырық батыры» сынды мұраны және осы заманға жеткізуші Мұрын жыраудың есімін жас орындаушылар арасында кеңінен насихаттау, рухани мұраны жаңғырту.

Байқау жеңімпазына қойылған басты сыйлық - Мұрын жыраудың домбырасы.

Жарыста сайдың тасындай кіл мықтылар бақ сынайды. Қатысушылар Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облысы мен Нұр-сұлтан, Алматы қаласынан келген.

Ал, үміткерлердің өнерін жыршы-термеші Елдос Еміл, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жеткізген Сейітов, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Амандық Көмекұлы бағалайды.

Байқау талабы бойынша талапкерлер алғашқы кезеңде «Арғымақ атқа жарасқан», «Нұрым жырауға өзін таныстыруы», «1942 жылы Алматыға барғанда алқалы топқа айтқаны» деп аталатын терме-сөздерді орындайды. Ал, екінші кезеңде «Орақ, Мамай», «Қарасай, Қази» жырларын орындайды.













Жоғары қарай