Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда шаңды дауыл көтерілді

2021 жылдың 20 қазан 2021 16:00

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаңды дауыл салдарынан «Ақтау - Бейнеу» тасжолында көліктерді көру мүмкіндігі нашарлаған.

Бүгін әлеуметтік желіде жолаушылар түсірген бейнетаспа жарияланды. Видеоны түсірген ер адамның хабарлауынша, жолда 7 метрден алыс жерді көру мүмкін емес.

Ал бір күн бұрын төтенше жағдайлар департаменті 20 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жететінін хабарлаған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстаудағы Бейнеу ауданында шаңды дауыл тұрғанын жазған едік.

Бейнеу ауданы бойынша ауа райы күрт нашарлап, шаңды дауыл болуына байланысты түстен кейінгі ауысымда оқитын 8451 мектеп оқушы онлайн форматқа ауыстырылған болатын.


Жоғары қарай