Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Маңғыстауда суға кеткен 19 жастағы жігіттің денесі табылды

2019 жылдың 1 тамыз 2019 16:04

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін құтқарушылар 5 күн бұрын суға батып кеткен 19 жастағы жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2000 жылы туған жігіттің мәйіті Ақтау қаласынан 28 шақырым қашықтықтағы Сайын Шапағатов ауылының маңынан табылған. Құтқарушылар 5 күн бойы іздеп, таңғы 6-лар шамасында мәйітті судан алып шықты.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 28 шілде күні Түпқараған ауданының аумағында болған.


Жоғары қарай