Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Маңғыстауда теңізге суға түсуге болмайтын жерлер белгіленді

2019 жылдың 6 тамыз 2019 13:20

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық мәслихаты Каспий теңізінің жағасында шомылуға тыйым салынған тағы 5 жерді белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аппараттық жиында өңірлік Төтенше жағдай департаменті облыстық мәслихат шешімімен шомылуға тыйым салынған жағалаулардың қатарына 5 учаскеге қосылғанын хабарлады.

Олар: 1) 43 шақырым; 2) «Көгілдір айлақ» 64 шақырым; 3) «Саура» 82 шақырым; 4) «Тамшылы» Форт-Шевченко қаласынан Таушық ауылына қарай 30 шақырым; 5) «Сарытас» Форт-Шевченко қаласынан Таушық ауылына қарай 51 шақырым.

«Талдау көрсеткендей, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері әлі де тыйым салынған немесе жабдықталмаған жерлерде суға шомылу болып отыр. Айта кетсек, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы №19/236 шешімімен суға түсуге тыйым салынған учаскелер айқындалды, олар: 4 шағын аудан Каспиан Ривьера қонақ үйінен 5 ш/а Филармонияға дейін және «Шора» су каналы», делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, жиын барысында жазғы маусым кезіндегі суға шомылу және өңірдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар талқыланды.


Жоғары қарай