Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда заңсыз ауланған 118 келі бекіре балығы тәркіленді

2021 жылдың 2 қыркүйек 2021 20:06

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда заңсыз ауланған 118 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Түпқараған ауданының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері «Ақтау-Ақшұқыр» автожолының 19 шақырымында «Chevrolet Lacetti» маркалы автокөлігімен бекіре тұқымдас балық тасымалдаған 34 жастағы ер адамды ұстады. Бекіре балығының жалпы салмағы 67 келі.

Сол күні табиғат қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз ауланған бекіре балығын Түпқараған ауданының тағы бір тұрғынынан тәркіледі.

«Күдіктінің үйін тінту кезінде полиция тұрғынның сарайынан жалпы салмағы 51 келі болатын 15 дана бекіре тұқымдас балығын мұздатқышты тапты», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Екі дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігі (сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жоғары қарай