Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Маңғыстауда жаңа жәрдемақыны 24 мың отбасы алады

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 05:20

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 24 081 отбасы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедова жаңа жәрдемақының ережелері мен талаптарын түсіндіріп, кімдер ала алатынын айтып өтті.

«Облысымыз бойынша осы жәрдемақыны алуға құқылы 24 081 отбасы бар. Оның ішінде 16 690 отбасы 4 балалы отбасы ретінде жәрдемақыны алып отырғандар. Мынаған назар аударсаңыздар екен. 4 балалы отбасы ретінде 10 600 теңге алып отырған отбасылар ешқайда барып, ешқайда құжат жинап қажет жоқ. Төлем автоматты түрде 42 500 болып өзгереді», - деді Қарашаш Нұрмамедова.

Яғни, жаңа жәрдемақыға құжатты 4-ші баласы 2018 жылы дүниеге келген және бұрын жәрдемақы алмағандар тапсырады. Өңірде осындай 7 мыңға жуық отбасы бар.

«Жаңадан тағайындалатын жәрдемақының өтініш қабылдау мерзіміне шек қойылмаған. 4-не дейін екен, 5-не дейін екен деудің қажеті жоқ. Айдың аяғына дейін, қаңтар айының ішінде де тапсыра береді. Асықпай ауыл әкімдеріне, қалалық жерде қалалық халыққа қызмет көрсету орталығына, әлеуметтік орталықтарға тапсырады», - деді Қарашаш Нұрмамедова.

Өңірде атаулы әлеуметтік көмекті келесі жылдан бастап, 27 мың адам алады деп жоспарланған. Сондай-ақ, республика бойынша балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетті 10 мыңға жуық бала алмақ.

Жоғары қарай