Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда жолдағы көктайғақтан бірнеше көлік апаты болды

2020 жылдың 26 қараша 2020 01:40

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда бірнеше көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының көбі тіркелмеген. Себебі жүргізушілер полицияға немесе медициналық мекемелерге жүгінбеген.

Дегенмен, департамент «Ақтау-Жаңаөзен» тас жолында «КамАЗ» маркалы көліктің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай аударылып қалғанын жеткізді. Көлік жүргізушісі полицияға немесе медициналық мекемелерге жүгінбеген.

Сондай-ақ, «Ақтау-Ақшұқыр» тас жолында көктайғақтан Toyota Hilux маркалы автокөлік жолдан шығып кеткен. Көлікті патрульдік полиция батальонының экипажы байқап қалып, көмекке барған. Жүргізуші зардап шекпеген.

Дегенмен маңғыстаулықтар әлеуметтік желіде аймақтағы трассаларда жол апаты бейнеленген бейнероликтерді жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескерткен.


Жоғары қарай