Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаудағы ауылда сауда орталығы ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылады

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 04:26

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаудың Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында көтерме-бөлшек сауда орталығы ашылады деп жоспарланған. Нәтижесінде 500 адам жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл аудандағы азық-түлік, тұтыну тауарлары бағасының төмендеуіне ықпал етеді. Орталықтың құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр. 74 сауда нүктесі мен 300-ге жуық сауда-саттық контейнерлері орналасатын сауда үйінің құрылысы былтыр басталған болатын.

Биыл ашылатын орталықтың тапсырыс берушісі - «Оптовый центр Кокжар» ЖШС. Серіктестік директоры Дариябай Калменовтың айтуынша, орталықың арқасында 500 адамды жұмыспен қамту көзделген және оның басым көпшілігі - жергілікті тұрғындар болмақ. Көтерме-бөлшек сауда орталығының жалпы аумағы - 2,8 га.

Аудан басшысы Айдос Хамиев аталған нысанның аудан тұрғындарына қажеттілігі жайлы айта келе өз ұсынысын жеткізді.

«Биыл ашылатын сауда орталығы аумағында жұмыс жасау үшін жергілікті тұрғындарды, ауыл адамдарын алу қажет. Орталық азық-түлік, тауар бағасының төмендеуіне ықпал етуі тиіс. Көлік тұрағында кептеліс болмас үшін қазірден бастап реттеу керек. Базардың айналасы таза болуын да қамтамасыз еткен жөн»,-деді әкім.


Жоғары қарай