Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаудағы  кент, ауыл әкімдерінің сайлауын «Партиялық емес байқау орталығы» бақылайды

2021 жылдың 21 шілде 2021 00:32

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында «Партиялық емес байқау орталығы» өз жұмысын жалғастыруда, оның қызметі сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық қоғамдық ұйымның барлық облыстарда филиалдары бар және мемлекеттік деңгейдегі сайлау кезеңінде саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтарды іске асыруға және қорғауға өз ниетін білдіреді.

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Бағлан Кеңбейіловтің айтуынша ұйым алдағы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына белсенді қатысады.

Қазіргі уақытта орталық өзінің байқаушыларын оқытып жатыр.

«Ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы – бұл саяси модернизацияның мүлдем жаңа кезеңін белгілейтін өте маңызды оқиға. Сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын байқау үшін бізде сайлауды байқау саласында үлкен тәжірибесі бар команда құрылады. Біз ашық және тәуелсіз сайлауды қамтамасыз етуге ортақ күш - жігерімізбен елеулі үлес қосамыз деп ойлаймын», - деп атап өтті Бағлан Кеңбейілов.

Естеріңізге сала кетейік, 25 шілде күні Маңғыстау облысында 10 ауыл әкімі сайланады. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өткізіледі.

Жоғары қарай