Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаудағы жол апатынан 5 адам қаза тапты

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 16:42

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, апат салдарынан бес адам мерт болған. Оның ішінде жүкті әйел де бар.

«16 қыркүйекте сағат 01.48-де Lexus LX 470 автокөлігі аударылып кетті. Көлік жүргізушісі 27 жастағы қыз қаза тапты. Екінші көз жұмған әйел - 1966 жылы туған. Үшінші мерт болған әйел - 31 жастағы келіншек, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол жүктіліктің 27-ші аптасында болған. Қалған екі жолаушы 1964 және 1967 жылдары туған ер адамдар. Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлығы тоғыз адам зардап шекті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2011, 2012 және 2019 жылдары туған үш бала Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Зардап шеккендерге мидың жабық жарақаты, маңдай мен шынтақ буынының жарақаттануы, радиустың жабық сынуы, травматикалық шок диагнозы қойылған. Дәрігерлер екі баланың жағдайын ауыр, ал үшіншісінің жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгін санитарлық көліктің көмегімен үш бала облыстық балалар ауруханасына ауыстырылады деп жоспарланған.

«2013 жылы туған тағы бір кәмелетке толмаған баланы түнде жедел жәрдем көлігін күтпей, ілеспе машинамен Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Мидың геморрагиялық контузиясын, ІІ дәрежелі ми комасын, ІІ дәрежелі травматикалық шок алды. ӨЖЖ аппаратына қосылған»,-делінген баспасөз хабарламасында.


Жоғары қарай