Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаудың шалғай ауылдарына 2 жылжымалы медицина кешені табысталды

2020 жылдың 31 қазан 2020 15:40

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудың медицина басқармасының материалдық-техникалық базасы 2 жылжымалы медициналық кешенмен толықты.

Өңір басшысы Серікбай Трұмов отандық автокөлік негізінде құрыстырылған және көшпелі жағдайда азаматтардың денсаулығын тексерудің кең спектріне арналған техникаларды Түпқараған мен Қарақия аудандық ауруханаларына табыстады.

Жылжымалы медициналық кешендер цифрлық құралдармен жабдықталған. Рентген, Ультрадыбыстық зерттеу секілді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл кешенде медициналық, диспансерлік тексерулер, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету, медициналық және зертханалық зерттеулер, салауатты өмір салтын үгіттеу және қалыптастыру қызметі жүргізілмек. Арнайы жасақталған көлік облыс орталығынан шалғай орналасқан халыққа медициналық қызметтерді жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.


Жоғары қарай