Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаудың шалғайында орналасқан Бейнеу ауданында 3 жылыжай салынады

2021 жылдың 20 мамыр 2021 18:25

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Бейнеу ауданында аумағы 3500 шаршы метрді құрайтын 3 жылыжай салынады. Жобаны ауданның 3 кәсіпкері жүзеге асырады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті.

Оның айтуынша, Төлеп ауылындағы «Ғибрат» шаруа қожалығы 10 га жерге, Ақжігіт ауылындағы «Бас Үстірт» шаруа қожалығы 2 га жерге бау-бақша өнімдерін егуді бастап кетті. Нәтижесінде 10 жұмыс орны ашылады. Боранқұл ауылындағы «Өтесін» шаруа қожалығы 7 га жерге арпа, бидай және жоңышқа егу жұмыстарын жүргізіп отыр. 4 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Сондай-ақ, «Ғибрат» шаруа қожалығы жылыжайға қияр егіп бастады. Жеке кәсіпкерлер «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамымен келісімшартқа отырады. Содан соң жерасты құдықтары арқылы су тартып, тамшылатып суару әдісін қолдануды көздеп отыр. Жалпы ауданда «Нұр Капитал» бағдарламасы арқылы 14 кәсіпкер 197,3 млн. теңге көлемінде несие алды. Осы бағдарламамен жүзеге асқан жобалар аясында Бейнеуде 79 жаңа жұмыс орны ашылды», - деді Бейнеубек Әбілов.


Жоғары қарай