Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауға Ресейден бір топ дәрігер көмекке келді

2020 жылдың 11 шілде 2020 18:30

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін таңда ресейлік 9 дәрігер мінген ұшақ Ақтау әуежайына қонды. Барлығы да білікті медицина қызметкерлері, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Маңғыстауда медицина қызметкерлерінің жұмыс көлемі екі есеге артқан. Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күн-түн демей аянбай күресуде. Алайда, сырқаттанушылардың көбеюіне байланысты өңірде мамандарының жетіспеушілігі байқалды. Реаниматолог, инфекционист, терапев және жалпы тәжірибе дәрігерлері тапшы. Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың тікелей араласуымен аталған мамандарды облысқа алдыру бойынша жұмыстар басталып кетті. Бүгін таңда ресейлік 9 дәрігер мінген ұшақ Ақтау әуежайына қонды. Олардың барлығы білікті медицина қызметкерлері.

Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, олар:

1. Карина Дворницына, инфекционист дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.

2. Артур Оганисян, денсаулы сақтау саласын ұйымдастырушы дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.

3. Игорь Шенгиреев, невролог, антикоагулянттар және т.б. дәрі-дәрмек мөлшерін анықтаумен айналысушы маман.

4. Дарья Захарова, педиатр, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.

5. Азат Ямалтдинов, пульмонолог, рентгенолог, фтизиатр дәрігер.

6. Валентина Кочергина, реаниматолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.

7. Инна Федоренко, терапевт, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар дәрігер.

8. Лев Захаров, ковид жұқтырған науқастарды босандырып алуда тәжірибесі бар акушер.

9. Ольга Суковатицина, фельдшер, ковид жұқтырған науқастарды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер.

Мәскеуден келген медицина қызметкерлері ауруханаларға бөлініп, жұмыстарына кірісіп кетті.

Айта кетейік, аталған дәрігерлер облыс әкімдігі ұсынған чартерлік рейспен ұшып келді. Бұл іске «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясы демеушілік жасады.


Жоғары қарай