Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Марат Бекетаев: Біз банктерді несие төлеу уақытын кейінге шегеруге міндеттей алмаймыз

2020 жылдың 15 шілде 2020 19:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев несие төлеу мерзімін кейінге шегеруге қатысты екінші деңгейлі банктерге азаматтардан шағым көп түскенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың екінші деңгейлі банктерден алған несиесін ТЖ кезінде кейінге шегеру туралы өтінім бергені белгілі. Бұл ретте банктердің осы кезеңде пайызды қосып тастағанын айтып, шағыммен жүгінген азаматтар болды ма?» - деген сұрақ қойылды Марат Бекетаевқа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл сұраққа жауап берген министр Әділет министрлігіне мұндай шағым көп түскенін айтты.

«Біз банктерді несие қарызын кейінге шегеруге міндеттей алмаймыз. Әділет министрлігі бұл ретте азаматтарға қандай көмек көрсете алады? Не істелді? Мұндай істер айналып келіп жеке сот орындаушылардың қарауына түседі. Карантиннің басында біз жеке сот орындаушыларға шоттарды блоктауға қатысты қатаң шара қабылдамау керектігін ескерттік. Себебі адамдар сауданы онлайн режимде жүргізе алуы керек. Сонымен бірге, жеке сот орындаушылар сыртқа шығаруға тыйым салу, қозғалысын шектеу секілді агрессивті шараларды қабылдаған жоқ. Тәркіленген мүлік бойынша жүргізілген аукциондар да тоқтатылды. Жалпы жеке сот орындаушылар әлеуметтік жауапкершілік танытып, қатаң шараларды іске асырған жоқ», - деді Марат Бекетаев.


Жоғары қарай