Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Марат Сұлтанғазиев салықтың прогрессивті шкаласына қатысты түсінік берді

2020 жылдың 27 қазан 2020 15:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев үдемелі салық жүйесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында үдемелі салық жүйесіне қатысты сұрақ қойылды.

«Прогрессивті салық төлеу шкаласы қабылданған жоқ. Оны жаппай декларациялаумен байланыстырамыз. Өйткені үлкен тәуекелдер бар. Егер салықтың мөлшері өссе, онда төлемнен жалтару жағдайы басталуы ықтимал. Сондықтан тиісті шешім қабылданған еді. Сәйкесінше, алдымен жаппай декларациялауды іске асыру ескерілген», - деді М. Сұлтанғазиев.

Осы орайда ол үдемелі салық жүйесін енгізу мерзіміне қатысты тоқталды.

«Төрт кезеңге бөлінген, алдымен, мемлекеттік қызметшілер, одан кейін квазимемлекеттік сектор, бизнес өкілдері қамтылған. Әр кезең сайын талдау жүргізіледі. Декларациялаудың төрт кезеңі аяқталғаннан соң, прогрессивтік шкала қарастырылады», - деді комитет басшысы.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізу керектігін айтты.



Жоғары қарай