Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Марихуанамен ұсталған Мақтаарал тұрғыны қылмысын жасыру үшін полицейге пара ұсынды

2021 жылдың 4 маусым 2021 14:28

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полицейге пара ұсынған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мақтаарал полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі есірткі затын сатумен айналысатыны туралы хабар келіп түскен.

Осыдан соң хабар алысымен полицейлер ақпаратты назарда ұстап, тексеру жұмысын жүргізе бастады.

Полиция қызметкерлері Мақтаарал ауданы Атакент ауылы тұрғынының үйін жеке тінту барысында 5 дана есірткі затын шегетін құрылғы, 1 дана пакетке салынған есірткі затына ұқсас зат және 1 дана кастет пен есірткі затының дәнін тапты.

Айғақты заттар сараптамаға жолданып, күдікті ПБ-ге жеткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес 6 граммға жуық «марихуана» екені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары орын алған оқиғаны ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Яғни осы аталған жайтқа байланысты қылмыстық істі тергеу барысында күдікті азамат тәртіп сақшысына істің оңтайлы шешілуі үшін пара ұсынады.

Тергеуші ол ісінің заңға қайшы екенін айтқанымен, күдікті бұл әрекетін бірнеше рет қайталайды.

Осыдан соң күдікті азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы «Пара беру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ер азамат қамауға алынды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты аталмыш екі бап бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай