Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мас күйде көлік жүргізген елордалық 20 тәулікке қамалды

2020 жылдың 1 қазан 2020 11:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкерлері мас күйде көлік айдаған жүргізушіні ұстады. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 қыркүйек күні сағат 16.00-де «102» нөміріне Момышұлы мен Жұмабаев көшелерінде «Toyota Highlander» маркалы автокөліктің жол ережесін бірнеше рет бұзғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы хабарламадан кейін полиция қызметкерлері аталмыш көлікке мінген жүргізушіні Абылай хан көшесінен ұстады. Ол мас болған. Тексеру кезінде жас жігіттің жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталды», - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.


Заң бұзған жүргізушіге қатысты Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы (608-бабы 6-бөлігі, 599-бабы 1-бөлігі, 600-бабы 1-бөлігі, 596-бабы 1-бөлігі) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамалған. Көлік коммуналдық айып тұрағына жеткізілді.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Видео, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай