Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мас жүргізуші төтенше жағдайға байланысты қойылған блокпостты қиратып кеткен

2020 жылдың 5 сәуір 2020 00:57

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында блокпост қоршауын соқққан мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен анықталғандай, азамат А. 2020 жылдың 2 сәуірінде «Toyota Ipsum» маркалы автокөлікті алколгольдік масаң күйде басқарған. Ол Жаңағасыр көшесімен солтүстік бағытта басқарып келе жатып, Қарасай ауданы, Көксай ауылында орналасқан төтенше жағдайға байланысты қойылған №4 карантин блокпост қоршауын қаққан. Сонымен қатар екі автокөлікке соқтығысқан.

Көлік жүргізушісі А. сотта өз кінәсін толықтай мойындады.

Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы Кодексінің 608 бабының 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған әкімшілік жазасы баламасыз болып табылады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Сот, Оқиға,
Жоғары қарай