Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Масканы шешуге рұқсат, қызмет көрсетуші роботтар: Пандемия жағдайындағы Олимпиада-2022

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 12:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжің Олимпиадасы Алауының тұтануына бүгін тура 5 күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілші.

Осы орайда Олимпиада ойындары басталу алдында пандемияға қатысты мәселелер жөнінде айта кетуді жөн көрдік.

Бейжің Олимпиадасына барған 36 адамнан коронавирус анықталды

Бейжің Олимпиадасын ұйымдастыру көмитеті ойын басталмай жатып, 36 адамнан коронавирус анықталғанын мәлім етті. ПТР-тест тапсырғандардың 36-сының нәтижесі оң нәтиже көрсеткен. Олардың арасында спортшылар да бар.

Қазір ковит белгілері бар барлық азматтар мен азаматшалар карантинге алынған.

Олимпиаданы ұйымдастыру көмитеті ойынға қатысушылар мен қонақтар арасында вирус жұқтырғандардың саны алдағы уақытта әлі де артуы мүмкін екенін айтып тыр.


Олимпиадаға қатысушыларға қандай талаптар қойылған

Олимпиада ойындарына барлық қатысушылары мен арнайы қонақтарына олимпиадалық аумақтан себепсіз шығуға тыйым салынған.

Алайда, Халықаралық олимпиада комитеті жаңа ереже шығарып, атлеттерге тәртіп жеңілдетілгенін жариялады.

Онда коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған азматтар карантинде 14 күн емес, 7 күн болатыны белгілі болды. Алайда, олар күніне екі рет ПТР-тест тапсыруға міндетті.


Олимпиадашылар масқаны қандай жағдайда шеше алады

Бейжің Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті спортшыларға қандай жағдайда масканы шешуге рұхсат берілетінін айтты.

Олимпиада ойындарына барған барлық атлеттер карантин талаптарына сәйкес маска тағып жүруге тиіс. Алайда, ойын барысында бағы жанып, жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшыларға марапаттау кезінде маскасын шешуге рұқсат етілді.


Роботтар қызмет көрсетеді

Бейжіңде Олимпиадаға қатысушылар мен ойыншыларға роботтар қызмет көрсете бастады.

Олар қонақ үйге жайғасқан адамдарға керек-жарақтарын, яғни ас-суларын жеткізіп беруге қабілетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, құлтемірлердің қызметін пайдаланудағы басты мақсат – коронавирустың таралуына тосқауыл қою.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.

Бүгінде олар олимпиадалық қалашықтарға орналасты. Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.


Жоғары қарай