Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәскеуде оқушылардың күзгі каникулы екі аптаға созылады

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 15:11

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеуде мектеп оқушылары 5-18 қазан аралығында демалысқа жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Қызметі мен құзыретін Мәскеу қаласының атқарушы органдары жүзеге асыратын жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, қосымша білім беретін және спорттық дайындық ұйымдарының оқушылары үшін каникул 2020 жылдың 5 қазанынан бастап, 18 қазанды қоса алғандағы аралықта белгіленсін», - делінген құжат мәтінінде.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин өз блогында мәлім еткендей, бұл ретте қаладағы балабақшалар бұрынғы режимде жұмыс істеуін жалғастыра береді. Құжатта атап өтілгендей, дүйсенбіден бастап балалардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған мекемелерге бару екі аптаға тоқтатылды.

«Қазанның 5-інен бастап Мәскеудің көптеген мектептерінде жоспарлы күзгі каникул басталады. Тағы біраз мектепте олар сәл кейінірек басталып, әдетте бір аптаға созылады. Санитарлық дәрігерлердің кеңесі бойынша, күз мезгілінде тұмау ауруының өршуі себебімен және ковид вирусына шалдығу оқиғалары өсімін есепке ала отырып, мен күзгі каникулды екі аптаға дейін созу шешімін қабылдадым», - деп түсіндірді өз сөзінде Мәскеу мэрі.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Ресей,
Жоғары қарай