Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәскеудегі митинг кезінде 40-тан астам полиция қызметкері жараланды

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 22:59

МӘСКЕУ. ТАСС–ҚазАқпарат — Мәскеу орталығында санкцияланбаған митинг кезінде 40-тан астам полиция қызметкері жараланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері шерушілердің бір бөлігін «Трубная площадь» алаңынан ығыстырып шығарды. Қазіргі кезде Мәскеудің бірнеше орталық көшесінде ОМОН қызметкерлерімен шағын қақтығыстар болып жатыр. Олар жиналған топты таратуға талпынып жатыр.

Тергеушілер ОМОН және полиция қызметкерлеріне күш қолдану фактілері бойынша тергеуалды тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Мәскеу бойынша ТК БТБ (ГСУ СК) мамандары Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану деректері бойынша бірқатар тергеуалды тексеру жұмыстарын жүргізуде. Осы шара аясында барлық заңбұзушылықтар анықталып, оны жасаған адамдардың әрекетіне баға беріледі» деді Тергеу комитетінің Мәскеу бойынша Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова.

Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Оқиға, Ресей,
Жоғары қарай