Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәулен Әшімбаев: Құрбан айт елдің ырыс-ынтымағын арттырып, түсіністікті нығайта түседі

2021 жылдың 20 шілде 2021 10:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Фейсбук әлеуметтік желісінде Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Құрбан айт адамзатты имандылыққа, қайырымдылыққа және ізгілікке үндейді. Осы күндерде барша мұсылман қауымы Алла жолында құрбандық шалып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетуге асығады. Мұндай игі амалдар елдің ырыс-ынтымағын арттырып, өзара келісім мен түсіністікті нығайта түседі» делінген құттықтауда.

Парламенті Сенатының Төрағасы биыл да бүкіл әлем қасиетті мерекені күрделі кезеңде қарсы алуға мәжбүр болып отырғаны айта келе: «Осы ретте бұл індетті тоқтату үшін карантин талаптарын сақтап, вакцина ектірудің маңызы зор. Іске асырылып жатқан шаралардың негізінде осы індеттен көп ұзамай құтыламыз деп сенеміз. Ұлық мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!» - деді.


Басты сөздер: Сенат, Парламент, Құрбан айт,
Жоғары қарай