Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәулен Әшімбаев: Рамазан – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы

2021 жылдың 13 сәуір 2021 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚаАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құттықтауын Сенат төрағасы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Еліміздегі барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы. Осы кезеңде адамзатты ырыс-ынтымаққа шақыратын рухани құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Отыз күн оразада қайырымдылық танытып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету де игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан азаматтарымыз қалыптасқан кейбір рәсімдерді орындауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарына құлақ асқаны жөн. Бұл ретте халқымыз жауапкершілік танытады деп сенеміз.

Ниет еткен жандарға ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деймін. Береке-бірлігіміз арта берсін. Әр шаңырақ шаттыққа кенелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,-деп жазды, Мәулен Әшімбаев.


Басты сөздер: Ораза, Дін, Сенат, Парламент,
Жоғары қарай