Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маусымда қазақстандықтар неше күн демалады

2021 жылдың 30 мамыр 2021 16:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың маусым айында неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маусым айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан тек аптаның демалыс күндері ғана тынығатын болады. Атап айтсақ, сенбі және жексенбі күндері айдың 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 күндеріне дөп келеді. Осылайша барлық демалатын күндер саны – 8 болып отыр.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні сейсенбіге сәйкес келеді. Дегенмен, маусым айында мемлекеттік болмаса да, бірқатар кәсіби мереке мен маңызды күндер атап өтіледі.

Мысалы, 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күні, 5 маусым – Эколог күні, 7 маусым – монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні, 23 маусым – полиция күні.

Маусымның екінші жексенбісінде жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері, ал үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Сондай-ақ, 28 маусым – Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай