Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Маусымның 1-нен бастап Степняктен Көкшетауға автобус қатынай бастайды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 20:56

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында маусымның 1-нен бастап «Степняк-Көкшетау» бағытындағы «Газель» шағын автобусының қозғалысы жанданады.

Сонымен бірге, аудан орталығында қалаішілік автобустар жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Біржан сал ауданы тасжолдан шалғай орналасқан. Сондықтан, аудан тұрғындарына қатынап тұру үшін қоғамдық көліктердің қайта жұмысына кірісуі маңызды.

«Жеке кәсіпкер Валерий Лебедев жолаушылар тасымалымен айналысатын ұйымның жұмыс алгоритмімен таныс. Біржан сал аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармасының қызметкерлері ҚР Бас санитарлық дәргерінің № 37 қаулысына 15 қосымшада көрсетілген талаптарды орындауды бақылауда ұстайды», - дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, кәсіпкер мен екі жүргізуші ПТР (полимералды тізбек реакциясы) әдісі бойынша сынама тапсырды. Тестің барлығы теріс нәтиже көрсетті. Бас дәрігердің қатысуымен көлік құралына дезинфекция жүргізілді.












Жоғары қарай