Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Майданда қаза тапқан Қарқаралы жауынгерінің сүйегі Отанына қайтарылды

2021 жылдың 16 маусым 2021 21:01

ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралы ауданына 1942 жылдың жазында Екінші дүниежүзі соғысы кезінде қаза тапқан сарбаз Рапық Шамшиевтің сүйегі қайтарылды. Осы жылдар ішінде оның туыстары марқұмның қайда жерленгенін білмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарқаралы ауданының тумасы Рапық Шәмшиев 1942 жылы майданға шақырылған. Туған ауылында оның жұбайы мен екі баласы қалды.

Рапық Шәмшиев 868-ші атқыштар полкінің құрамында соғысып, Брянск майданында ұрыстарға қатысқан.

1942 жылдың жазында ол жарақат алып, көп ұзамай қайтыс болады.

Жауынгердің туыстары қара хабар алған, бірақ онда сарбаздың нақты жерленген жері көрсетілмеген.

Сондықтан осы жылдар ішінде жақындары күндердің бір күні марқұмның басына барып, құран бағыштаймыз деген үмітін үзбеген.

«Әкем Рапық Шәмшиев 1912 жылы дүниеге келген. 1942 жылы оны Қарқаралы ауданының әскери комиссариатынан шақырды. Ол кезде мен төрт жаста, ал інім екі жаста еді. Анамның айтуынша, әскери комиссариаттан адамдар келіп, сол күні түнде әкем соғысқа кеткен. Біз жыладық. Олар оны тапты деп айтқан кезде, мен сене алмадым, бәлкім, шатастырып алған шығар деп ойладым, өйткені арада тым көп уақыт өткен соң бұл мүмкін емес деп ойладым», – дейді солдаттың қызы Еркеш Шамшиева.




Жауынгердің сүйегін «Ржев. Калинин майданы – 2021» халықаралық экспедициясы барысында ресейлік «Пионер» жасағы тапты.

Рапық Шәмшиевтің сүйегімен бірге Камен Жұманов, Толсубай (Төлебай) Жұмабековтер де Отанына оралды – олар 1942 жылдың ақпан айында Қорғалжын аудандық әскери комиссариатына шақырылған.

Қазақстанға сүйектерді Қазақстан әскери-әуе күштері әскери-көлік авиациясының борты жеткізді.




«Бізге ай сайын қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен туыстары мен жақындарын іздеу бойынша онға дейін өтініштері келіп түседі. Біз Қазақстан мен Ресейдің іздестіру жасақтарымен тығыз жұмыс жүргізудеміз, Ресей Федерациясының аумағынан табылған жауынгерлердің туыстарын іздестіру үшін әскери комиссариаттармен байланыс орнатудамыз», – дейді ұлттық әскери-патриоттық орталық әскери-тарихи мұражайының іздестіру-экспедиция бөлімінің қызметкері Әсем Қанапина.

Жақында Қазақстан Қарулы Күштерінің ұлттық әскери-патриот орталығы қаза тапқандарды еске алу үшін туған жеріне оралған жауынгерлердің туыстарын жинады.





Жоғары қарай