Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

2020 жылдың 28 қараша 2020 12:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал бокс аңызы Майк Тайсон мен Рой Джонс айқас алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тайсон таразыда 220.4 фунтты(99.97 келі), ал Джонс 210 фунтты (95.25 келі) көрсетті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 29 қарашада Калифорниядағы Карсон қаласының Dignity Health Sports Park аренасында 54 жастағы Майк Тайсон мен 51 жастағы Рой Джонс арасында жекпе-жек өтеді.




Кездесу елорда уақытымен 07:50-де басталады.

Кәсіпқой боксшылардың жұдырықтасу кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетерлігі, 15 жылдан кейін шаршы алаңға оралған Майк Тайсонның бұл айқастағы гонорары 10 млн долларды құраса, қарсыласы Рой Джонс 3 млн доллар алады.




Автор Мұхтар Қалимоллаұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай