Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мажарстан Қазақстанға экспорт көлемін ұлғайтты

2021 жылдың 26 қазан 2021 16:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мажарстан Қазақстанға экспорт көлемін арттырды. Бұл туралы Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варга айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы кездері біз Қазақстанға экспортты ұлғайта алдық. Біздің экспорттың 70%-ы – дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық өнімдер. Бұл маңызды нәтиже, өйткені Қазақстанда да сапалы мажар тауарларына сұраныс бар», - деді Михай Варга ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде.

Өз сөзінде спикер мажарстандық кәсіпорындардың Қазақстанға көбірек қызығушылық танытып отырғанын айтты.

«Қазақстанда ұсынылған бес кәсіпорнымыздың төртеуі фармацевтика өнеркәсібінде жұмыс істейді. Олар үлкен сомаға экспорт жасайды. Біздің ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге жетуде, яғни, классикалық тауар айналымынан басқа, ынтымақтастықта да, білім беруде де инновациялар маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Михай Варга.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті . Мұхтар Тілеуберді Мажарстанға QazVac вакцинасын қолдануды ұсынды.


Жоғары қарай