Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Мәжбүрлеп өндіруді тоқтату барысында қандай шаралдар қабылданғаны жарияланды

2020 жылдың 22 сәуір 2020 20:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік кірістер комитеті 22 сәуірден бастап мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен шараларын төтенше жағдай кезеңінде уақытша тоқтату барысында қандай жұмыстар атқарылғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші - 54,9 мың салық төлеушіге барлық салықтары бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу 2020 жылғы 15 тамызға дейін тоқтатылды.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 15 тамызға дейін: Жер салығынан босатылған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің; мүлік салығынан босатылған ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлық салығының өсімпұлдары есептелмейді.

Екінші - 34,9 мың салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операциясын тоқтата тұру туралы 158 757 өкім кері қайтарылды,
88,2 мың салық төлеушінің мүлікті пайдалануға шектеу қою туралы 200 083 өкімнің күші уақытша тоқтатылды.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 қаулысына сәйкес, микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне, тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдану 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылған болатын.

Үшінші - 34,9 мың салық төлеушінің банк шоттары бойынша 301 638 инкассалық өкімдері кері қайтарылды, 13,0 мың салық төлеушінің мүліктеріне жасалған 64 852 тізімі бойынша мүлкін өткізу уақытша тоқтатылды.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 қаулысына сәйкес, микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, салық және кеден берешегін, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылған еді.


Жоғары қарай