Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс депутаттары Ресейдегі Парламент сайлауына байқаушы ретінде қатысады

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 14:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары 17-19 қыркүйек аралығында өтетін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының VIII шақырылымы депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде қатысады, деп хабарлады ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегацияны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы желісі бойынша халықаралық бақылаушылар тобының үйлестірушісі Арман Қожахметов басқарады. Қазақстандық делегацияның құрамында ТМД ПАА тарапынан Берік Бекжанов, Мемлекеттік Думаның шақыртуы бойынша Мәди Ахметов және Вера Ким тәуелсіз байқаушы ретінде қатысады.

Мәжіліс депутаттарының Мәскеу мен Мәскеу облысындағы сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру барысын бақылауы жоспарланған. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Мемлекеттік Думадағы және Орталық сайлау комиссиясындағы саяси партия фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізуді көздеп отыр.

Қазақстандық Парламент өкілдері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының қорытынды кеңесіне және Қорытынды құжаттарды дайындау үшін ТМД байқаушылар миссияларын үйлестірушілер кеңесіне қатысуы жоспарланған.


Басты сөздер: Мәжіліс, Сайлау, Ресей,
Жоғары қарай