Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

2021 жылдың 19 тамыз 2021 21:55

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына Мәжіліс депутаттары арнайы іс-сапармен келді. Nur Oran фракциясының мүшелері Ержан Құдайбергенов пен Дархан Мыңбай, Елнұр Бейсенбаевтар сайлаушылармен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған жол картасының орындалуын қадағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент депутаттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын бағамдады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың қабылдауында болған депутаттары Түркістан облысын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен Nur Oran партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының Түркістан облысы бойынша жүзеге асырылу барысын талқылады.




Өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, облыс басшылығымен олардың шешу жолдарын ортаға салды. Қазіргі таңда Түркістан облысының әрбір аудан, қаласы және облыстық деңгей бойынша 17 Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының дамуына жоғары баға беріп, басты заң шығарушы органдағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа заң жобаларына тоқталып өтті.








Жоғары қарай