Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Мәжіліс допингке қарсы тәртіпті қатаңдату туралы заң жобасын мақұлдады

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 13:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының негізгі мақсаты – қолданыстағы дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру, допингке қарсы ережелерді қатаңдату, Ұлттық допингке қарсы орталықтың мәртебесін көтеру.

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар заңның ұғымдық аппаратын нақтылауды мазмұнды түрде қозғайтын түзетулер енгізді. Олар: «спортшыны жарыстан шеттету», «жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорт медицинасы жөніндегі маманды, дене шынықтыру саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін қызметін атқарудан шеттету. Құжат жұмыс процесінде «спорттық әдеп», «бірінші жаттықтырушы», «жеке жаттықтырушы» деген ұғымдармен толықтырылды.

Сонымен қатар, допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін жазалау мақсатында депутаттардың түзетулерімен спортшыларды, жаттықтырушыларды, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де қатысы бар субъектілерді тұрғынжайдан, спорттық атақтан, спорттық разрядтан және біліктілік санатынан айырудың құқықтық негіздері пысықталып, нақтыланды.

Мұнымен қоса, заң жобасының жаңашылдығымен чемпиондармен жүлдегерлерге жергілікті атқарушы органның коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға баспана беру, ал 10 жыл өткен соң оны меншікке алу негіздері бекітіледі. Бұл ретте, әлемдік біріншілік чемпиондары мен жүлдегерлері қайтыс болған жағдайда, осы тұрғын үйді меншікке алу үшін олардың мұрагерлерінің мүдделерн ескеру ұсынылды.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Парламент Мәжілісі аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.



Жоғары қарай