Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс инклюзивті білім беруді сапалы іске асыруға арналған құжатты мақұлдады

2021 жылдың 21 сәуір 2021 10:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенаты депутататтары, «Nur Otan» партиясының мүшелері бастамашылық етті.

«Аталған заң жобасы мүгедек адамдардың кемсітусіз білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының 2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді. Сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы 2015 жылы Қазақстанда ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған. Инклюзивті білім беруге өту адам құқықтары туралы халықаралық хаттамаларға және барлық балалардың сапалы білім алуы мен оған тең қолжетімді құқығының болуы және жалпыға бірдей танумен негізделген», - деді Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова

Оның айтуынша, елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 162 мыңнан астам бала немесе балалардың жалпы санының 2,7 пайызы білім беру процесіне ерекше көзқарасты талап етеді. Осыған байланысты 2011 жылдан бастап Қазақстанда инклюзивті білім беруді кезең-кезеңмен дамыту басталды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті орта құру бойынша шаралар көзделген.

«Сонымен бірге, заңнамалық деңгейде реттеуді талап ететін мәселелер де бар, олар бастамашылық еткен заң жобасында көрініс тапты. Заң жобасында «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Біріншіден, білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау есебінен ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін мемлекеттік кепілдіктер көзделген», - деді Ж. Омарбекова.

Екіншіден, оқу процесінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдап отырудың арнайы шарттары регламенттелген. Үшіншіден, білім беру қажеттіліктерін бағалау енгізілуде. Ол үшін бағалау өлшемдерін, қажеттіліктерді айқындау әдістемесін, сондай-ақ «ерекше» балалармен жұмыс жасау бойынша педагогтерге әдістемелік ұсынымдарды айқындайтын тиісті қағидалар әзірленетін болады.

«Төртіншіден, оқу жоспарларының, бағдарламалар өзгермелігін, икемділігін қамтамасыз ететін нормалар, сондай-ақ білім алушының даму ерекшеліктеріне байланысты жетістіктерін бағалау жүйесі енгізілген. Бұл инклюзивті білім беру процесінің жетекші қағидаттарының бірі болып табылады. Бесіншіден, білім беру ұйымдарында арнайы жағдайларды қамтамасыз етуде, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдап отыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен әкімдіктердің құзыреті кеңейтілді. Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу білім беру ұйымы қызметінің түрі мен нысанына қарамастан қаржыландырудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тапсырысты іске асыру жеке секторды тарту, балаларды қамту көрсеткіштерін жақсарту, сондай-ақ бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», - деді депутат.


Жоғары қарай