Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мәжіліс қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға қатысты құжатты мақұлдады

2020 жылдың 24 маусым 2020 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасын бірінші оқылымда талқылаған кезде айтылғандай, ол қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін құқықтық база қалыптастыру мақсатында әзірленді. Құжат тұрмыстық қатты қалдықтарды термиялық жолмен өңдеу арқылы электр энергиясын алуды көздейді. Бұл процестер экологиялық және экономикалық оң нәтиже алуға ықпал ететін болады», - деді Шавхат Өтемісов.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында құқықтық олқылықтарды әрі құқық қолдануда туындайтын қайшылықтарды болдырмауға, сондай-ақ нормалардың редакциясын жақсартуға және оларды талаптарға сәйкес келтіруге бағытталған бірқатар түзету қарастырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 17 маусым күні Мәжіліс аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

«Заң жобасына депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу жолымен қайта өңдеп, кейіннен электр энергиясын алу үшін құқықтық база құру мақсатында бастамашылық жасады. Өртеуге қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтардың бір бөлігі ғана қамтылады. Жыл сайын елімізде шамамен 5 млн тонна қалдық пайда болады. Олардың тек 15 пайызы қайта өңделеді. Қазір осы міндетті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейді», - деді Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Парламент, Экология,
Жоғары қарай