Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс Қазақстан мен АҚШ арасындағы әуе қатынасы жөніндегі құжатты қарайды

2021 жылдың 23 маусым 2021 10:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болады. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасы «ашық аспан» ұстанымдарын қарастырады. Оның аясында тараптар әуе көлігі сапарларын тасымалдаушылар саны, рейстер жиіліктері бойынша шектеусіз орындай алады. Бұл келісім сыртқы көліктік қол жетімдікті арттыруға, халықаралық әуе бағдарлардың географиясын кеңейтуге ықпал етеді», - деді Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Альберт Рау.

Осы орайда депутат палата комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін атап өтті.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Парламент, Заң, Көлік, АҚШ,
Жоғары қарай