Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс Литвамен парламентаралық байланысты нығайтпақ

2021 жылдың 17 мамыр 2021 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған Мәжіліс депутаттары Литва Республикасы Сейманың депутаттарымен, парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерімен онлайн-кездесті.

Сейманың депутаты Эдмундас Пупиниспен әңгіме барысында екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұхбаттасушылардың пікірінше, Қазақстан мен Литва Орталық Азия мен Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктес елдер. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2020 жылы «Covid-19» пандемиясына қарамастан 482 млн. АҚШ долларынан асты.

Айгүл Құспанның айтуынша, Қазақстан мен Литва арасында сындарлы қарым-қатынас пен түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тұрақты саяси диалог орныққан. Өз кезегінде Эдмундас Пупинис Мәжіліс депутаттарын алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Литва тарапының біздің елмен серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға зор қызығушылығын білдірді.




Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Литваның заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты қарым-қатынас екі жақты парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал ететін атап өтті.


Жоғары қарай