Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаушылардың саны белгілі болды

2020 жылдың 27 қазан 2020 15:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда алдағы Мәжіліс сайлауына сайлаушылар тізіміне кіргізілген азаматтардың саны 11 820 318 адамды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясы алдағы науқанның кезекті сипатын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірге 2020 жылыдң 1 қазанындағы жағдай бойынша сайлаушылардың тізілімін өзектендірді. Аталған жұмыс 1 қазандағы жағдайға сәйкес, сайлаушылар тізіліміне 11 820 318 адамды тіркеуге мүмкіндік берді. Ертеректе, дерекөзі әртүрлі болған кезде кейбір азаматтар екі түзілімде немесе бірде-біреінде болмайшығаты. Қазір бұл тәжірибе жойылды деп санаймыз», - деді ол ОСК отырысы барысында.

Оның атап өтуінше, сайлаушылардың тізілімін қалыптастыру сайлау процесіннің маңызды ұйымдастырушылық элементтерінің бірі саналады.

«Сайлаушылардың тізілімі негізінде азаматтар өздерінің ел Парламенті Мәжілісі және мәлихаттар депутаттарын сайлауға арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асырады. Осыған орай сайлаушылардың барынша толыққанды әрі нақты тізілімін түзу жеке жергілікті атқарушы органдардың ғана емес әкімдіктердің, аумақтық сайлау комиссияларының және әрбір сайлаушының бірлескен жауапкершілігі ретінде қарастырған жөн», - деді Константин Петров.


Жоғары қарай