Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс төрағасы лауазымына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы қаралды

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 17:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Фракция депутаттары Елбасының ұсынысын бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, Мәжіліс спикері лауазымына Нұрлан Нығматулинның кандидатурасын ұсыну мәселесі де қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында Мәжіліс төрағасы қызметіне Н.Нығматулиннің кандидатурасын, Мәжіліс төрағасының орынбасарлары қызметіне П.Казанцев пен Б.Кесебаеваның, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне Д.Нұрманбетованың, заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті төрағалығына К. Мусиннің, қаржы және бюджет комитеті төрағалығына М.Құсайыновтың, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағалығына А.Құспанның, экономикалық реформа және аймақтық даму комитетіне А.Раудың кандидатурасын ұсыну туралы үйлесімді позиция айқындалды.


Жоғары қарай