Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжілісі депуттарының сайлауы қоғам дамуындағы маңызды кезең болуы тиіс - Мәулен Әшімбаев

2020 жылдың 21 қазан 2020 09:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының Мәжіліс депутаттарын кезекті сайлауды тағайындау туралы шешіміне қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депуттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдады. Сайлау конституциялық мерзімге сәйкес өтеді. Жалпыхалықтық дауыс беру келесі жылдың 10 қаңтарында болады. Кезекті сайлауды тағайындау бұл мәселедегі айқынсыздықты болдырмайды. Ал сайлаудың өзі демократиялық жаңғыру тұрғысында қоғамымыздың одан ары кезең-кезеңімен дамуы аясындағы маңызды сатыға айналуы тиіс», - деп жазды Сенат спикері Facebook парақшасында.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президенті өз үндеуінде жаңа сайлау науқаны басталғанға дейін саяси жаңғыру, көптариялықты дамыту және елдің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысуын кеңейту бойынша шаралар қабылданғанын атап өткеніне назар аудартады.

«Бұл парламенттік оппозиция институтын және партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квота енгізуге де қатысты. Тиісті заңды Парламент қабылдады. Ел Президенті атап өткендей, алдағы сайлау қолданыстағы заңнамаға сай өтетін болады», - деді Мәулен Әшімбаев.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Сайлау-2021, Парламент,
Жоғары қарай