Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мәжілісмендер Динара Сәдуақасовамен шахмат ойнады

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 13:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаттары түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен шахмат ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент тарихында алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық парламенттік турнирге қазақстандық депутаттармен қатар, Армениядан, Қырғызстаннан, Молдовадан Парламент өкілдері қатысты.

Жиналғандар алдындаМәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин құттықтау сөз сөйледі.

- Біз егемен еліміздің ең мәртебелі, ең ұлы мерекесі - тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжілісте халықаралық шахмат турнирін өткізіп отырмыз. Бұл енді еліміздің абыройын көтеріп жүрген даңқты спортшылармен жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға айналады. Ал, алғашқы кездесуге әлемнің 4 дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова қатысып отыр. Бұл, ең алдымен, осы танымдық ойынның дамуына үлес қосумен қатар, өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, жас ұрпақ арасында, мектеп қабырғасында кеңінен насихаттауға жол ашатыны сөзсіз. Себебі, шахмат спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді,- деді Н. Нығматулин.

Осыдан кейін Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы басталды.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, аталған турнирге шетелдік әріптес-депутаттардың Нұр-Сұлтанға арнайы келіп, қатысуы парламентаралық ынтымақтастықтың да жоғары деңгейін көрсетеді.

Шара барысында Палата спикері Динара Сәдуақасоваға Парламент Мәжілісінің атынан арнайы алғыс хатты табыс етті.

Фото: Ж.Құспанов

Басты сөздер: Парламент, Спорт,
Жоғары қарай