Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжілісте парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция бойынша кеңестер өтуде

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 18:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте парламенттік көпшілік және парламенттік оппозицияға кіретін саяси партиялардың фракциялары басшыларының кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Парламенттік оппозиция» ұғымы қолданыстағы заңнамамен бекітіліп, оның құрамына кіруге Мәжіліске өткен партиялардың мүмкіндігі бар. Ол үшін Палатада тіркелу кезінде партия өзінің парламенттік оппозицияға қатыстылығын мәлімдеуі тиіс.

Дауыс беру нәтижесінде және Мәжіліске берілген хабарламаларға сәйкес, VII шақырылымда парламенттік оппозицияға «Ақ жол» Демократиялық партиясы және Қазақстан халық партиясының депутаттары кірді.

Сонымен қатар, парламенттік оппозиция Мәжілістегі тұрақты комитетті басқарып, өз депутаттарының арасынан екі тұрақты комитет хатшыларын ұсынуға құқы бар.

Бүгін «Nur Otan» партиясы фракциясының басшысы Нұрлан Нығматулин, «Ақ жол» фракциясының басшысы Азат Перуашев және Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров кеңес өткізді. Жиында парламенттік оппозиция мүшесінен төраға мен хатшылар сайланатын тұрақты комитеттер анықталды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мәжіліс комитеті анықтайтын фракция жетекшілерінің бірлескен шешімі шығарылады. Онда парламенттік оппозиция тарапынан төраға мен хатшы, сондай-ақ парламенттік оппозициялардан осы лауазымға бірегей кандидат бекітілген шешім шығарылады.


Басты сөздер: Парламент, Партиялар,
Жоғары қарай