Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжілісте сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер таныстырылды

2021 жылдың 13 сәуір 2021 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға 67 түзету ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді таныстырды. Вице-министр Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, заң жобасы 67 түзетуден тұрады. Соның ішінде ауыл әкімі лауазымына кандидаттарға қойылатын негізгі талап – жасы 25-тен асқан Қазақстан Республикасының азаматы, әрі сотталмаған болуы керек. Ал біліктілік талаптарына сәйкестігін арнайы тексеру анықтайды.

«Заң жобасы бойынша ауыл әкіміне үміткерді мынадай тәсілдер арқылы ұсынуға болады: саяси партиялар өз мүшелерінің арасынан ұсынады немесе өз-өзін ұсыну жолымен. Өзін-өзі ұсыну үшін тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау керек», - деді Әлішер Әбдіқадіров.

Министрдің орынбасары ауыл әкімдерінің сайлауын 40 күн бұрын жариялауды ұсынды.

«Сайлаудың өзі іс басындағы әкімнің өкілеті аяқталғанға 10 күн қалғанда өтуі тиіс. Кандидаттарды тіркеу сайлау жарияланған күннің ертеңінде басталып, сайлау күніне 15 күн қалғанда аяқталады. Яғни, үміткер ұсыну мерзімі 14 күнге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде үміткер тіркелуге қажетті құжаттарды жинап үлгеруі тиіс. Кандидаттарды тіркеу сайлау күніне 10 күн қалғанда аяқталады. Бұл кезеңде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың растығын тексереді.», - деді вице-министр.

Заң жобасында үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстары үшін күн күн уақыт беру көзделіпті.

«Сайлау алдындағы соңғы 10 күндікте үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, тіркелген үміткерлер туралы ақпараттар БАҚ-та жарияланады. Сайлау өткізілігеннен кейін 3 күн ішінде қорытындысы шығарылады. 7 күннің ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асады», - деді водемство өкілі.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталып жатқанын мәлім еткен болатын.

Мемлекет басшысы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан шарада барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн деген пікір айтқан болатын.


Жоғары қарай