Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Медицина кадрларын ынталандыру үшін Үкімет қандай шаралар қабылдауда

2021 жылдың 25 қазан 2021 18:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет медицина кадрларын ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі іс-шаралар қабылдауда. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабына айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет медицина кадрларын ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі іс-шаралар қабылдауда. Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру, оның экономикадағы орташа жалақыға арақатынасын 2,5 есеге дейін жеткізу, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, ауылдық елді мекендерге келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау бойынша іс-шаралар қабылдануда»,- деп атап өтеді вице-премьер жауабында.

Оның атап өтуінше, жергілікті атқарушы органдар медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау аясында жатақханалар ұсыну, коммуналдық шығыстар, байланыс қызметтері, жалдау төлемдері бойынша өтемақы төлемдері ұйымдастыру, балабақшаларда орындар бөлу, жұбайы/зайыбын жұмысқа орналастыру және басқа іс-шараларды қабылдап жатыр.

«Мәселен, медициналық кадр тапшылығын төмендету бойынша жұмыс Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында оң нәтиже беруде. Онда жас мамандарды әлеуметтік қолдау іс-шаралары олардың орнығу көрсеткішінің артуына ықпал етуде. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында бизнестің қолдауымен тұрақты негізде медицина қызметкерлерін оқыту, оның ішінде шетелдерде білім алуға жолдама беру тәжірибесі енгізілуде. Жыл сайын өңірлердің жергілікті бюджетінен және медициналық ұйымдардың қаражатынан стипендия төлей отырып, резидентурада медицина мамандарын даярлауға қаржыландыру бөлінеді»,- деді Ералы Тоғжанов.


Жоғары қарай